ЕСКЕРТУ! КОРОНАВИРУС!
Соңғы уақытта жаңа коронавирустық инфекцияның
(COVID-19) таралуы туралы жаңалық барлық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жайылып кетті.
Осыған байланысты, донор болуға ниет білдірушілердің барлығына айтарымыз, егер сіз соңғы айда шетелден сапардан оралсаңыз - кез келген елден, соның ішінде Ресейден және посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерден келген болсаңыз, карантиндік іс-шаралар тоқтатылғанға дейін донорлық рәсімдерден және қан орталығына барудан бас тартуға шақырамыз.
Мүмкіндігінше, кем дегенде 3 айға дейін шетелге барудан аулақ болыңыз.
Жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) белгілерінен аздап болса да күдік болған жағдайда, тіркелген ұйымға/емханаға хабарласыңыз (учаскелік қызмет, пациенттерге қолдау көрсету қызметі, анықтама қызметі).
Смартфонға арналған Damumed қосымшасын (КМАЖ медициналық порталының ресми қосымшасы) қолдануды ұсынамыз, онда барлық ақпараттық телефондар, учаске нөмірі және тіркелу ұйымдарының координаттары, учаскелік дәрігердің аты-жөні, қабылдау уақыты және дәрігерге қашықтықтан жазылу мүмкіндігі көрсетілген.
Сонымен қатар, 7*24*365 режимінде коронавирус бойыншаҚазақстандағы тәуліктік бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді - 1406.
Осы нөмір бойынша сіз коронавирус туралы ақпарат біле аласыз немесе мамандардан кеңес ала аласыз.