Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты бұқаралық шаралар мен донорлық акциялар тоқтатылды. Көптеген адамдар оқшаулау режиміне ауысып, қашықтан жұмыс істей бастады, үйден сирек шығады.
Бізге бұл режим бірден сезілді: донорлар саны азайды.
Алайда, өмір сүру үшін, денсаулық үшін донорлық қанды қажет ететін науқастардың саны азайған жоқ.
Сондықтан, біз,10-сәуір күніоблыстық қан орталығына донор болу мақсатымен келгендердің барлығына алғысымызды білдіргіміз келеді. Мұндай адамдардың саны шамамен 100 болды!
Иә! Енді мақсатты донорлық та қайта басталды – қазіргі уақытта қанға мұқтаж адамдардың туыстары мен таныстарынан болған донорлар. Өмір сүріп, тіршілік жасау үшін!
Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жүрекқалауымен келгендер де бар. Қазір Ресей Федерациясында донорлық қызметте мына сөз ұранға айналған: «Үйде бол, бірақ алдымен қан тапсыр!».
Бұл сөздер біздің қазақстандықтардың мына сөздерімен сәйкес келеді: #біз біргеміз!