ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz
  • Главная
  • Халықаралық медбикелер күніне орай! Біздің қызметкерлер туралы мақалаларды жариялауды жалғастырамыз!

Халықаралық медбикелер күніне орай! Біздің қызметкерлер туралы мақалаларды жариялауды жалғастырамыз!

Сульдин Дмитрий Владимирович - 2017 жылдан бастап облыстық қан орталығында донорларды жинақтау бөлімінің фельдшері болып жұмыс істейді, бұрын Қостанай облысының басқа медициналық ұйымдарында фельдшер болып жұмыс атқарған. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы жұмыс өтілі - 14 жыл.

Біздің жас фельдшер жақсы кәсіби қасиеттерге ие, байланысты мамандықтарды жақсы біледі, донорлармен жұмыс жасау үшін барлық қажетті дағдыларды меңгерген. Көшпелі жұмыстарды ұйымдастырады және кәсіпорындар басшыларымен «донорлық күнді» өткізуді ұйымдастыру туралы оңай келіседі - өте сыпайы және кішіпейіл.

Сонымен қатар, ол қан жасушаларының белсенді доноры, бұл денсаулық пен белсенді өмір позициясының көрсеткіші –қажет болса ол дереу көмекке келеді, ондай адамнан сұраудың да қажеті жоқ...

Дмитрий Владимирович үйленген, жұбайымен бірге ұл мен қыз бала тәрбиелеп отыр.

Жақында Дмитрий Владимирович КИНЭУ-ді бітіріп, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды, бірақ медицинаға адал болып, облыстық қан орталығында жұмыс істеуге қалды.

Сонымен қатар, Дмитрий Владимирович барқыт баритонының иесі, жұмысқа қатысты мәселелердімүлтіксіз біледі (онымен сөйлескеннен кейін, біздің барлық донорларқан орталығына келуді қайталайды және әдеттегідей тұрақты донор болғысы келеді) және кәсіпорынның ұжымдық өмірінде деол- көңілді адам - «компанияның жаны».

Кез келген қан қызметі ұйымындағыдай, бізде ерікті өтеусіз донорлықты насихаттауға, үгіт  жүргізуге және ынталандыруға бағытталған іс-шаралар жиі өткізіледі: біз құрметті донорларымызға ықыластылықтары, өздерінің денсаулығына көңіл бөлгені үшін алғысымыздыбілдіреміз. Біздің қан орталығына тұрақты донорлардың келуі мұқтаж адамдарды сапалы қан өнімдерімен уақтылы және толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі және қатысушысы - Дмитрий Владимирович. Оның ең сәнді эстрадалық хиттерді шынайы орындауы донорларды да, кәсіпорын қызметкерлерін де бей-жай қалдырмайды.

Дмитрий Владимирович немесе қызметкерлератайтындай Дима, өтееңбекқор және ең жауапты қызметкерлердің бірі, қазіргі уақытта «медициналық іс» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатына ие.

Біз оған жоғары санатты алуын, еңбекте табысты болуын және мықты денсаулық тілейміз!

  

  

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru