8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Қостанай облыстық қан орталығы «Донор-Леди» байқауын жариялайды!
Байқаудың шарттары:
1. 2020 жылғы 03 ақпаннан бастап 2020 жылғы 02 наурыз аралығындағы жұмыс күндері мен сағаттарда біздің қан орталығына келуіңіз керек.
2. Қан немесе оның компоненттерін тегін тапсыру (денсаулық жағдайы бойынша қан беруден шеттетілген келушілер байқауға қатыса алмайды) қажет.
3. Донация кезінде немесе донациядан кейін Сізге қан орталығында суретке түсіп, фотосуретті және Сіз не себепті донор болғаныңыз туралы әңгімені Whats App 87775097844 нөміріне жіберуіңіз қажет.
4. Байқау шарттарына сәйкес келетін фотосуреттері бар барлық әңгімелер біздің ресми сайтымыздың (Қостанай облыстық қан орталығы — http://donor-kostanay.kz/ru/.) басты бетіне көшіріледі, сол жерде 2020 жылғы 03 наурыздан бастап онлайн дауыс беру өткізіледі.
5. Дауыс беру 2020 жылғы 05 наурыз күнгі сағат 13.00-ге дейін созылады.
6. Жарияланымдары көп дауыс жинаған қатысушы байқаудың жеңімпазы және «Леди–Донор» атағының иегері болады. Тек бір кандидатқа ғана және бір рет қана дауыс беруге болады.
7. Жеңімпазды тәтті сыйлықпен марапаттау Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 6 наурыз күні сағат 14.00-де Облыстық қан орталығының екінші қабатының холлында өткізіледі.
Байқау шарттарына қатысты барлық мәселелер бойынша 8(7142)266-274 телефоны арқылы жұмыс күндері мағат 8.00-ден 17.00-ге дейін хабарласа аласыздар.