ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Құрметті донорлар!

Әлемдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Қостанай облыстық қан орталығында да карантин жарияланды, донорлар мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коронавирустық инфекцияның енуі мен таралуын болдырмау үшін барлық алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қабылдануда.

МАҢЫЗДЫ!

Егер сіз сау болсаңыз және өзіңізді жайсыз сезінбесеңіз, келіп, қан тапсырыңыз!

Стационарлық емдеуге жатқызылған науқастарға әрқашан қан қажет. Жоспарланған қан құюдан басқа, күн сайын төтенше жағдайлар туындайды, оған қоса алда бірнеше демалыс және мереке күндері келе жатқандықтан, қан компоненттерін құю қажет болатын сыни жағдайлар да кездеседі.

Донорлар қабылдауәдеттегідей режимде өтеді. Сонымен қатар, жағдайға байланысты - орталықтың бірінші қабатындағывестибюлінде медициналық фильтр жұмыс істей бастады, оның мақсаты келушілердің орталыққа вирустық инфекцияның және басқа да аурудың (дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрын бітелуі, әлсіздік) белгілерімен енгізуіне жол бермеу.

Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз және жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) белгілерінен аздап болса да күдік туындаса, тіркелген ұйымға/емханаға хабарлаңыз (учаскелік қызмет, пациенттерге қолдау көрсету қызметі, анықтама қызметі).

Смартфонға арналған Damumed қосымшасын (КМАЖ медициналық порталының ресми қосымшасы) қолдануды ұсынамыз, онда барлық ақпараттық телефондар, учаске нөмірі және тіркелу ұйымдарының координаттары, учаскелік дәрігердің аты-жөні, қабылдау уақыты және дәрігерге қашықтықтан жазылу мүмкіндігі көрсетілген.

Егер сіз коронавирусқа шалдыққан елдерден біздің облысқакелген адамдармен байланысқа түскен болсаңыз немесе соңғы айда Қазақстан Республикасының шекарасынан шыққан болсаңыз, карантин шаралары алынып тасталғанға дейін облыстық қан орталығына келмеңіз.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасында 7*24*365 режимінде коронавирус бойынша тәуліктік бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді - 1406.

Осы нөмір бойынша сіз коронавирус туралы ақпарат біле аласыз немесе мамандардан кеңес ала аласыз.

Донорлар мен тұрғындарданкеліп түскен сұрақтарға байланысты түсінік бергіміз келеді: қан орталығы диагностикалық орталық емес және коронавирустық инфекцияға қанға (донорлар қанына)зерттеу жүргізбейді.Біз қан орталықтарының жұмысын реттейтін нормативтік актілерге (кодекстер, заңдар, ҚР ДСМ бұйрықтары) сәйкес жұмыс жасаймыз және коронавирусты айқындау (анықтау) қан орталығының құзырына жатпайды.

Сабыр сақтаңыздар.

Ағымдағы жылдың 20-наурызында донорларды қабылдау әдеттегідей режимде өтеді.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru