ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Донор күндері

st donorom

 

Толығырақ...

Облыстық қан орталығы директорының блог-платформасы

Ахметов Манарбек Молдагалиевич

Сұрақ қою

«Облыстық қан орталығы» КМК–ның ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қостанайдағы қан орталығы қазіргі заманғы медициналық кешен болып табылады, онда сіз тек қан тапсырып қана қоймайсыз. Соңғы буынның құрал-жабдықтарымен жабдықталған біздің Орталықтың арқасында қаныңыз сапалы құрамына, вирустық және басқа ауруларға байланысты толық зертханалық зерттеулерден өтеді. Сондықтан, біздің тұрақты донорларымыз өз денсаулығына алаңдамай-ақ қоюына болады, ол біздің бақылауымызда.

Қостанай қан орталығының жаңа ғимаратында медицина қызметкерлері мен донорларға қолайлы жағдай жасалған. Донация рәсімі қан үлгілерін алу үшін заманауи ыңғайлы креслолармен жабдықталған залда өткізіледі. Сондай-ақ, біздің донорларымыздың қан тапсырмас бұрын шай ішіп және үлкен залдағы жайлы креслоларда демалуларына мүмкіндіктері бар.

Қостанайдағы қан орталығы өзінің жаңа ғимаратының ішінде ғана халықпен белсенді жұмыс жасамайды. Оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, жекеменшік фирмаларда үнемі Донор күндерін өткізіп отырады. Осы мақсатта Орталықтың құрал-жабдық арсеналында қан жинау үшін қажетті жылжымалы кешендер бар. Осындай іс-шаралардың жоспарланған күндерін біздің сайтымыздың басты бетінен білулеріңізге болады.

«Егер мен Қостанайда тұрмайтын болсам, қай жерге барып қан тапсыруыма болады?» – деп сұрасаңыз. Әр апта сайын «Облыстық қан орталығы» КМК-ның көшпелі бригадасы Қостанай облысының аудандарының біріне қан жинауға жіберіледі. Сондықтан, қан тапсыру үшін Сізге Қостанайға келудің қажеті жоқ, біз өзіміз Сізге барамыз! Көшпелі іс-шаралар кестесімен Сіз біздің сайтымыздың негізгі бетінен қарап таныса аласыз.

Естеріңізде болсын, донор болу – бұл донордың моральдық қасиеттерін шебер көрсететін әрекет.

Адам басқа адаммен өзінде бар ең қымбат дүниесі – өзінің жеке қанымен бөліседі.

Үнемі өздерінің баға жетпес қандарын тапсыратын Қан донорлары – қауіпсіз және дұрыс қан қорымен қамтамасыз етудің негізі болып табылады! Емдік мақсатта қан тапсыру арқылы Сіз өте үлкен және маңызды іс жасайсыз. Өзгелерге көмектесуге шешім қабылдаған және орнына ештеңе сұрамайтын адам бас әріппен жазылған АДАМ деп аталуға құқылы.

Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүруге мүмкіндік береміз.

Сіздерге осы үшін алғысымызды білдіреміз !!!

«Облыстық қан орталығы» КМК

Мекенжай: ҚР Қостанай қ., Быковский, 4 «А»

thank u donor

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru