Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын, қымбатты донорлар!
Сіздердің арқаларыңызда тағы бір жыл өтеусіз көмек көрсету және мейірімділік пен қайырымдылық жылы болды!
Сіздерге және сіздердің жанұяларыңызға ұзақ жылдар бойы денсаулық пен амандық тілейміз!
Сіздерді жаңа 2020 жылы көтеріңкі көңіл-күймен және жоғары гемоглобинмен күтеміз!
Көшпелі іс-шараны 2020 жылы қаңтар айында өткізу жоспарланып отыр:
9 қаңтар күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша (23.12.-27.12.2019ж.) донорлыққа қатысуға 254 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 186, донорлықтан босатылғандар саны - 68.