Үлкендерге деген құрмет қазақстандық қоғамдағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүр болып саналады.
Қазақстанда жыл сайын 1-қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күні осы дәстүрді, үлкендерге деген ерекше көңіл бөлу мен сүйіспеншілікті нағыз мерекеге айналдыруға мүмкіндік береді., себебі біз сол кісілердің арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Облыстық қан орталығында кезекті рет «Алтын күз» мерекесі болып өтті.
Қан орталығының директоры - Иосипенко Елена Степановна: «Даналық пен кемелдік күні, өмірлік тәжірибе күні, жетілген сұлулық пен рухани жастық күні, немерелерден алғыс алған күн, жылдарға тағзым ету күні, самайын алтын қырау шалған күн» – деп бұл мерекені өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.
Директор құрметті қонақтарды «Алтын күз» костюмінде қарсы алып, күзгі сыйлықтар – алмалар, алмұрттар мен жүзімдер салынған табақты ұсына отырып, оларды салтанатты дастарханға жайғасып, концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырды.
Шақырылған қонақтар ұсынылған сыйлықтар мен өздеріне бөлінген көңілге риза болды, шын жүректен ән айтып, би биледі, өздері шығарған өлең жолдарын оқып берді, орталық қызметкерлеріне ізгі тілектерін білдіріп, міндетті түрде қонаққа келіп тұруға уәде берді.
Қан орталығының басшылығы мен қазіргі жұмыс істеп жүрген қызметкерлер де, шақырылған ардагерлер де өздерінің игі тілектерін айтып, бір-біріне денсаулық тіледі, әрбір ардагерге 5 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
«Жоқ, біз Сіздермен келесі «Қарттарға құрмет көрсету күніне» дейін бір жылға қоштаспаймыз, Сіздер үшін біздің есігіміз әрдайым ашық, бізге келіп тұрыңыздыр!». Аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі мен даналығы әрқашан жастардың іс-әрекетіне негіз бола берсін!» - деп сөзін аяқтады қан орталығының директоры - Иосипенко Елена Степановна.