Алда мереке күндері, шырша, туған-туыстар мен достарға арналған сыйлықтар, салтанатты іс-шаралар мен көтеріңкі көңіл-күй.
Алайда,медициналық қызметкерлер үшін ең бастысы- жұмыс. Адамды құтқару, оған өмірден ләззат алу және жақындарымен,туған- туыстарымен сөйлесу мүмкіндігін беру - бұл күнделікті ерлік емес пе?
Донорлық қандағы компоненттер - сақтау мерзімі шектеулі биологиялық өнім. Сондықтан, біздің орталық медициналық ұйымдардың қажеттіліктеріне байланысты және қолда бар қорларды жаңарту үшін донорларды қабылдайды. Өкінішке орай, адамдар демалыс кезінде де ауруды тоқтатпайды, сол себепті қан мен оның компоненттері үнемі қажет.
Бүгін мұқтаж жандарға қан тапсыру ізгі миссиясымен Қостанай жоғары медициналық колледжінің директоры мен студенттері облыстық қан орталығына келді.
Болашақ медицина қызметкерлері студенттік кездерінен бастап «құтқарушылар» қатарына қосылып жатыр. Мұны олар болашақта үнемі жасауға тура келеді. Басқалары - дәрігерлікке бармайды ....
Облыстық қан орталығының басшылығы жас донорлар - «Ақшақар» - Кристина Коренкова мен «Аяз Ата» Увалеев Әділханға донорлыққа және фотосессияға қатысқандары үшін алғысын білдіреді. Біз Кристинаның екінші қан тапсырып тұрғанын, ал Әділханның бірінші рет донор болғанын айта кеткіміз келеді.
Кәсіби өмірлеріңнің бастамасы жаман емес, жастар!
Барлық донорларды Жаңа жылдарымен құттықтаймыз!
Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілейміз!
Сіздерді жаңа 2020 жылы күтеміз!