ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

«Мен донормын, менің денім сау!» акциясы!

01.09.22 kzҚостанай облыстық қан орталығы ерікті өтеусіз донорлықты насихаттау мақсатында тағы да ауқымды акция өткізгелі отыр!

«Мен донормын, менің денім сау!» деген тақырыптағы акция 7, 8, 9 қыркүйек күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі және донорлардың денсаулығын сақтауға арналады.

Ол үшін осы күндері облыстық қан орталығына келген және қан немесе оның компоненттерінің бірін тапсырған барлық донорларға барлық жағдайлар жасалады: витаминді-минералды кешендер ұсынылады, монша-саунаға, бассейнге, массаж сеансына, тұз шахтасына баруға арналған сертификаттар және тағы басқалар таратылады. Донорлықтың әлеуметтік маңыздылығын түсінетін кәсіпкерлер тағы да демеушілік қолдау көрсетеді-олардың деректерін біз акция нәтижелері бойынша күнделікті ақпаратта көрсететін боламыз.

Сонымен қатар, шай үстелі де ұйымдастырылады: ассортиментте витаминді шайлар: балмен, шырғанақпен, лимонмен, кептірілген өрікпен, жалбызбен, жасминмен және шығыс тәттілерімен.

Әдеттегідей, біз тиісті тақырыпта фотозона жасаймыз және сіздер сапалы фотосуреттер түсірудің керемет мүмкіндігіне ие боласыздар.

Келіңіздер, қан тапсырыңыздар, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, лайықты сыйлықтар алыңыздар және көптеген жылдар бойы донор болып қала беріңіздер!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru