ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Акция - төртінші күн!

Бүгін акцияның соңғы күнінде біз сіздерге ешкім айтпайтын қарапайым кейіпкерлер туралы айтатын боламыз.

Таныс болыңыздар: бүгін 16-шы рет донор болған Гусев Иван Владимирович және Хуснутдинов Тагир Халимович (суретте: донорлық креслода отыр) тромбоциттердің тұрақты доноры!

Бұл жас жігіттер бізге алғашқы қоңырау шалғаннан ақ келіп, адам денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.

Иван Владимирович – «Қостанай СУ» МКК жетекші инженері, Тагир Халимович – «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК учаскелік қызметінің жалпы практика мейіргері.

Иван Владимирович алғаш рет 2011 жылы донор болған (әдеттегідей, ол әріптесіне өте қажет болған кезде көмекке келді), ал 2017 жылы донор болған Тагир Халимовичке керемет үлгі болған – 2011 жылдан бері донор болып келе жатқан оның әпкесі Моисеенко Александра - «Қостанай қалалық онкологиялық көп салалы ауруханасы» КМК эндоскопиялық бөлімінің аға медбикесі (біз ол туралы өткен жылы жазған болатынбыз).

Үнсіз ерлік - бұл аз ерлік емес! Сіздер батырсыздар!

Сіздерге және осы мереке алдындағы күндері бізге келіп, қан тапсырған адамдардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз!

Донорлардың күш-қуатын қалпына келтіру үшін акция күндері қоректік-витаминді үстелдерді ресімдеуге қатысқан біздің құрметті демеушілеріміз: «Чиполлино» дүкенінің иелеріне (Максимова М. И. ЖК); «Упаковка Сервис LTD» ЖШС басшылығына (Глазунов А. В.); Кондренко С. А. ЖК-не, «Бирюлька» кафесінің, «Нива» шағын дәмханасының иелеріне, Лопатина О.В. ЖК-не («Любимая Ева») және Дерибсалина К. К. ЖК-не («Столовая для Вас»), Мамедова ЖК-не («Азия») ерекше алғысымызды білдіреміз!

Акцияның 4 күні ішінде бізге 320 – дан астам адам келіп, қан тапсырды!

Донорлық қозғалысты насихаттауға қатысқан барша жанашыр жандарға үлкен рахмет! Сіздерді алдағы келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз!

06.05.22 1 06.05.22 06.05.22

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru