Арина Шорохова - бұл есімҚостанай облысындағыбір ауық жергілікті баспасөзді жақсы көріп оқитын әрбір ересек адамға белгілі.
Бұл жас арудың бірнеше ауыр диагноздары денсаулығына ғана емес, оның өміріне де қауіп төндіреді.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы нашарлады, Мәскеу қаласында оған жедел ота жасату қажет. Ал оған дейін екі апта ғана уақыт қалды. Осыдан кейін хирургиялық араласу мәселесі тоқтатылады. Қызға соқыр болып қалу қаупі төніп тұр...
Бес жыл бойы Облыстық қан орталығында жылына бір рет, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні алдында, жаңа жыл қарсаңында, барлық ересектер мен балалар ғажайыптар күтетін кезде ашылатын қаражат жинауға арналған мөрленіп бекітілгенқорап тұр. Және сол ғажайып орындалды.
Донорлар, келушілер және Облыстық қан орталығының қызметкерлері қаражат жинауға белсенді қатысты. Қостанайлықтар мен біздің донорлардың, медициналық қызметкерлердің қолдауының арқасында жеті жүз мың теңге жиналды, ол ақша баланың туған – туыстарына беру үшін «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасының қызметкерлеріне табыс етілді.
Облыстық қан орталығының басшылығы жобаға қатысушыларға шынайы ризашылықтарын білдіреді, олардың қосқан үлесі баланың өмір сүру сапасын жақсартады деген сенімдеміз.
Тәуелсіздік күні және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Облыстық қан орталығы басшылығы мен ұжымының атынан баршаңызға денсаулық, бейбітшілік, амандық және молшылық тілейміз.
Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ!