Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі.
Мерекені бекіту күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заңды қабылдады.
Ел Президенті Н. Назарбаевтың нақты стратегиялық бағытының арқасында бейбітшілік пен қоғамдық келісім қамтамасыз етілген, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар заманауи прогрессивті мемлекет құрылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстың медициналық ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өткізу әлдеқашан жақсы дәстүрге айналған.
Мереке қарсаңында Облыстық қан орталығында салтанатты іс-шара өтті. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдап, мерекелік оқиғаға арналған кинофильмді тамашалады. Қызметкерлерге арнап директор Е.С. Иосипенко құттықтау сөз сөйледі.
Дәстүр бойынша ОҚО мерейгерлері марапатталды – 25 жыл бойы ОҚО-да жұмыс атқарған әрбір қызметкерге ескерткіш мүсінше және «Қан қызметінің мерейгері» лентасы тапсырылады.
Облыстың қан қызметіндегі көп жылғы адал еңбегі үшін және мереке құрметіне Денсаулық сақтау басқармасының, ОҚО директорының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен ОҚО-ның мәдени іс-шараларына белсенді ат салысқан үздік қызметкерлер марапатталды.
Осындай іс-шаралар патриоттық және адамгершілік, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге, ұжымда жаңа дәстүрлердің пайда болуына және моральдық-психологиялық климаттың нығаюына ықпал етеді.
Біз басты кейіпкерлеріміз - донорлар туралы да ұмытқан жоқпыз. Дәл осы күні донацияға келген біздің донорларымызға «Добрый пекарь» сауда маркасы демеушісінен ұнамды сыйлықтар - дәмді және пайдалы табиғи сұлы печеньесі «Завтрак чемпионов» және «ChocoBoom» шоколадты-сұлы печеньесі табысталды.
Мерекелік жағдайда қан жасушалары - тромбоциттер донорлары марапатталды.
Зор қошеметтен кейін оларға Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының грамоталары, естелік сыйлықтар мен медальдар табысталды. Медальдарды Қостанай қаласындағы «И.И. Никифоров атындағы өнер мектебі» МКҚК оқушылары жасады.
Ресми бөлімнен кейін донорлар мен еріктілер Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамының Қостанайдағы филиалы демеушілік еткен тәтті шайға шақырылды.