Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы бұйрығының негізінде Облыстық қан орталығында (ОҚО) облыстық трансфузиологтар қоғамының кезекті отырысы болып өтті.
Қатысушылар келесі тақырыптарға бірнеше ақпараттық хабарламалар тыңдады: «Қостанай облыстық қан қызметінің қызметі туралы», «Қан қызметінің жаңалықтары. Өндірістік трансфузиологиядағы қан компоненттерін дайындаудың үдемелі әдістері (Тараз қаласындағы халықаралық конференция материалдары бойынша). Баяндамашы – ОҚО трансфузиолог-дәрігері Богданов Н.И.
Қан орталығының директоры Е.С. Иосипенконың «Көп бейінді ауруханада трансфузияларды басқару» (Тараз қаласындағы халықаралық конференция материалдары бойынша) баяндамасы дәрігерлердің ерекше назарын аударып, қызығушылықтарын тудырды.
Дәрігердің күнделікті әрекеті трансфузиялық емдеу тактикасын таңдауға арналған шешімді үнемі іздеумен байланысты. Емдеуші дәрігерге гемостаздың мүмкін асқынулары туралы уақтылы ақпаратты қамтамасыз етуі, әр түрлі патологиясы бар пациенттер үшін емделудің ең аз қаупі мен ең көп тиімділігі бар жеке тактикасын таңдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қанды иммунологиялық зерттеудің гельді технологиясы таныстырылды.
Отырысқа трансфузиолог-дәрігерлер, облыстың денсаулық сақтау секторының мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдарының жауапты дәрігерлері, ОҚО басшылығы мен қызметкерлері қатысты.