2020 жылғы 10 қаңтарда таңертеңгі сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының«Облыстық қан орталығы»КМК-даБүкіләлемдік«РАХМЕТ» күні қарсаңында«Өмір сыйлаушыға - донорға рахмет!»акциясы өтеді.
Бұл күні өтеусіз ерікті түрде қан тапсырған барлық донорларға демеушіден кәдесыйлар таратылады.
Донорлықөмір нормасына айналуы керек. Біз бір-бірімізге қаншалықты жиі көмектесетін болсақ, ұялмайкөмек сұрасақ және көмек көрсететін болсақ, жер бетінде бақытты адамдар да көп болар еді. Біз барлығымыз біріксек - қанға және оның компоненттеріне мұқтаж адамдарға көмектесе аламыз.