Көшпелі іс-шараны:
14 қазан күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Горняков к-сі, 5 мекенжайы бойынша, «ҚР ІІМ Қостанай облысының Полиция департаменті Рудный қаласы Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің корпусы, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
15 қазан күні: Қостанай қ., Дзержинский к-сі, 9, «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК корпусы, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
17 қазан күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша (7.10.-11.10.2019ж.) донорлыққа қатысуға 118 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 80, донорлықтан босатылғандар саны - 38.
Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды келесі көрсетілген мекенжай бойынша облыстық қан орталығында күтеміз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы.
Тек адам ғана донор бола алатынын есте сақтаңыздар!