Көшпелі іс-шараны:
23 сәуір күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Корчагинк-сі, 162А, «Рудный қалалық емханасы» КМК аумағы, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Карантиндік және шектеу іс-шаралары кезіндебіз, бұрынғыдай, Рудный қаласына әр аптаның бейсенбі күндері барып, арнайы жабдықталған екі автобуста жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.
Өткен аптадағы көшпелі жұмыстың қорытындысы бойынша (13.04.-17.04.2020ж.):
- донорлыққа қатысуға ниет білдіргендер – 32;
- донорлықтан шеттетілгендер саны – 7;
- қан тапсырған донорлар саны – 25.
Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды көрсетілген мекенжай бойынша күтеміз.
Осы уақытта бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз–шынын айтқанда, донорлық қанның баламасы жоқ қой.
Біз донорлар мен пациенттер алдындағы үлкен жауапкершілігімізді сезінеміз және барлық қажетті шараларды қолданамыз.
Біз тек сау адамдардың ғана қан тапсырғанын қадағалап отырамыз.