Көшпелі іс-шараны:
26 қараша күні: Қостанай қ., Абай даңғ, 11, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының корпусы, медпункт, сағат 8.00-дан 13.00-ге дейін;
27 қараша күні: Қостанай қаласы, Красносельская к-сі, 20, «Қостанай балалар психоневрологиялық интернаты» КММ, сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін (қызметкерлер үшін);
28 қараша күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
29 қараша күні: Қостанай қ., Жангелдин к-сі, 9 мекенжайы бойынша, «УК161/1 мекемесі» РММ сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша (18.11.-22.11.2019ж.) донорлыққа қатысуға 123 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 102, донорлықтан босатылғандар саны - 21.
Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды келесі көрсетілген мекенжай бойынша облыстық қан орталығында күтеміз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы.
Тек адам ғана донор бола алатынын есте сақтаңыздар!