2020 жылғы 10 қаңтар күні сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК-да Халықаралық «Рахмет» күнін мерекелеу қарсаңында «Өмір сыйлаушы донорға - рахмет!» акциясы өткізіледі.
Бұл күні ерікті өтеусіз негізде қан тапсырған барлық донорларға демеушіден кәдесыйлар таратылды.
Бұл күн қазіргі әлемде сыпайы болу өте маңызды екенін бүкіл адамзатқа еске түсіруді шешкен Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен бекітілді.
Донорлық өмір сүру нормасы болуы тиіс. Және біз сізбен бір-бірімізге көмектесіп, еш қымсынбай көмек сұрап, көмек көрсете білсек, жер бетіндегі бақытты адамдар саны әлдеқайда көп болар еді. Сонымен бірге біз барлығымыз біріксек, қан және оның компоненттеріне мұқтаж адамдарға көмектесе аламыз.
«Облыстық қан орталығы» КМК донорларды жинақтау бөлімінің деректері бойынша донорлыққа қатысуға ниет білдірген адамдар саны 65 болды.
Қан орталығының директорының және қызметкерлерінің, облыстың медициналық қызметкерлерінің, пациенттердің атынан осы бір қиын, бірақ өте маңызды жұмысқа көмектесетіндердің барлығына «РАХМЕТ» айтамыз.
Таңертең ерте тұрып, ауруханаларға және қан орталығына келіп, донордың көшпелі «күндеріне» қатысып, өз кезегіңізді шыдамдылықпен күтетініңіз үшін Сізге рахмет.
Сізге денсаулығыңызды қадағалайтыныңыз үшін рахмет, сіздің жомарттығыңыз, жауапкершілігіңіз үшін, Сіз өзіңіздің бір бөлігіңізді – өз қаныңызды мүлдем танымайтын адамға тегін бергеніңіз үшін, білмейтін адамдарға деген сүйіспеншілігіңіз үшін рахмет!